Жерорта теңізі Еуропадағы ең ластанған теңіз деп танылды

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Жерорта теңізі - Еуропадағы ең ластанған теңіз. Ондағы қоқыс қабатының тығыздығы соңғы 30 жылда екі есе өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат EurActiv журналына сілтеме жасап.

Бұл өзгеріс пластмасса өндірісінің өсуінебайланысты, сондай-ақ 2008 жылы ЕО-ның теңіз табиғатын қорғау саясаты қолғаалынып, жаңа заңнама қабылдаған соң теңіз қоқыстарының жүйелі түрде анықталуынақатысты.

Ластану деңгейінің өсуі таң қалдырмауы тиіс.Бұған дейін Nature Communication журналында жарияланған зерттеуде 1957 мен 2016жылдар аралығында «әлемдік теңіздердегі пластмассалардың уақыттық үрдістері ментаралуы» талданған болатын. Сол зерттеудің өзінде-ақ 1990 жылдары теңіздепластик қалдықтарының көп көлемде жиналып қалғаны айтылған.

Жерорта теңізінің түбінде қабат құрайтынқалдықтардың 60% cөмкелерден, бөтелкелерден, құтылар мен қаптауыштардан, балықаулайтын ау мен киім-кешектен тұрады.

Қалдықтардың таралу көздері көп, оларға коммерциялықнемесе туристік кайықпен жүзу, балық аулау, балық өсіру ісі, қоқыстар, өнеркәсіптікнемесе қалалық аудандар жатады.

Жыл сайын теңізге 8 млн тонна пластмасстасталады, олардың 200 мың тоннасы Жерорта теңізіне келеді. Адамзаттың бұләрекеті теңіз флорасы мен фаунасына кері әсерін тигізеді.

Тимур Дүйсекеев


Соңғы жаңалықтар