Жерорта теңізінде 150 адам із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен түнде Тунистен келе жатқан заңсыз иммигранттар отырған кеме Италияның Лампедуза аралына жақын жерде дауылға тап болып, суға батып кетті.

Италияның жағалау күзеті қызметінің хабарлауынша, 150-ге жуық адам жоғалып кетті, деп хабарлады Би-Би-Си.

Кеме апатына ұшыраған 48 адамды құтқаруға мүмкіндік туды, өйткені олар құтқару қайығына мініп үлгерген сыңайлы. Аталмыш қайық Лампедузадан солтүстік-батыста бірнеше миль жерден табылды.