Жерорта теңізінде 4400 мигрант құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның жағалау күзеті бір тәулік ішінде 4 жарым мыңға жуық мигрантты аман алып қалды. Бұл абсолютті рекордтық көрсеткіш, деп жазады 24.kz.

Бас-аяғы 22 құтқару операциясына елдің әскери-теңіз күштері мен Еуропаның шекараны бақылау миссиясы қатысқан. Босқындар отырған 7 кеме мен 16 қайық түгел апатқа ұшыраған. Енді аман қалған азаматтар Италия кеме-жайларына жөнелтіледі. Бұл жыл басынан бері қайталанып келе жатқан оқиға.

Кәрі құрлыққа заңсыз жетіп алмаққа ниеттенген келімсектердің 2 мыңнан астамы осы Жерорта теңізіне батып өлді. Ал құтқарылғандардың жалпы саны 188 мыңнан асады.