«Бүгін таңертең Ливия жағалауында қайықтың апатқа ұшырауы салдарынан 90 мигранттың суға батып кеткені туралы хабарланды», - делінген Халықаралық миграция жөніндегі ұйымның (ХМҰ) хабарламасында.
«Ливия жағалауына 10 мәйіт шығарылды - олардың екеуі Ливия азаматы және сегізі - пәкістандық», - деді ұйымдағылар.
Аман қалған үш адамның айтуынша, қаза тапқандардың көбі Пәкістан азаматтары.
ХМҰ дерегі бойынша, биыл қаңтарда 6,6 мың заңсыз иммигранттар Жерорта теңізі арқылы Еуропаға бармақшы болған. Олардың 246-сы қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалып кеткен.