Жерорта теңізінде болған кеме апатынан 400-ге жуық адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияны бетке алған кеме апатқа ұшырап, 400-ге жуық мигрант көз жұмды, деп хабарлайды Би-Би-Си. Қаза тапқандардың басым бөлігі - балалар.

Save the Children қайырымдылық қорының хабарлауынша, кеменің апатқа ұшырауына онда шамадан тыс артық адам отырғызылуы себеп болған.