Парижден Каирге бет алған ұшақ 19 мамырға қараған түні Жерорта теңізіне құлады. Авиалайнер бортында 66 адам, оның ішінде 56 жолаушы болған. Олардың барлығы қаза тапты, деп мәлімдеді BBC.
Ұшақ радар экранынан апат белгісін берместен, грекиялық және мырсырлық бақылау стансасында жоғалып кетті.
Бір апта бұрын грекиялық үкімет Жерорта теңізінен жоғалған ұшақтың сынықтары, жүгі мен адам сүйектері табылғанын мәлімдеген.
Апаттың себебі ресми түрде әлі хабарланған жоқ.