Италияның көлік министрлігі жанындағы Рим жедел орталығының қызметкерлерінің үйлестіруімен соңғы тәуліктерде 9 іздеу-құтқару операциялары жүзеге асырылды. Оған Италияның жағалау қызметінің кемелері мен катерлері және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың кемелері қатысты.
Еуропа осы уақытта Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі миграцияық дағдарысты бастан өткеріп отыр. Италия ІІМ-нің ресми мәліметтері бойынша, 2016 жыл бойына Жерорта теңізі арқылы елге 181 мың адам келген, деп жазады utro.ru.