Жерорта теңізінде жыл басынан бері 4 220 мигрант қаза тапқан
КХҰ жұмада таратқан ақпараттық бюллетеньде ағымдағы жылы 2015 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 725 адам мерт болғаны атап өтілген. Сондай-ақ «Өткен жылмен салыстырғанда көз жұмғандар санының ұлғаюы екі фактормен байланысты», - деген Жерорта теңізі бойынша КХҰ үйлестіру бюросының директоры Федерико Соданың сөзі келтірілген. «Сәуірде және мамырда үш ірі кеме аударылды, сол кезде 1 400-ге жуық адам қаза тапты».
Өздерінің ақпараттық бюллетенінде КХҰ 2 қарашадағы жай-күй бойынша Еуропаға теңіз арқылы 335 031 көшіп-қонушы келгенін мәлім етіп отыр. Қоныс аударушылардың негізгі ағынын Грекия (769 901) және Италия (159 496) қабылдаған. Айта кетер жайт, осы жылы келгендер саны өткен жылға қарағанда едәуір аз. 2015 жылғы 31 қазанда ЕО елдеріне 729 мың мигрант пен босқындар теңіз арқылы жүзіп келген