Жерорта теңізінен Рим империясы кезіндегі кеме табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық археологтар Кабрера аралы маңынан (Балеар аралдарының тобына жатады) Рим империясы кезіне жататын, шамамен 1,8 жыл бұрын су астына кеткен кемені тауып алды, деп жазады Риа Новости.

Кеме 70 метр тереңдікте жатыр және үлкен көлемде құмыралар тасымалдаумен айналысқан. Кеме су астында қанша жыл жатса да құмыралар жақсы сақталып қалған. Бұл Балеар аралдарынан табылған ең құнды жәдігерлер, деп жазады El País.

«Бізге мәлім болғанындай, Испания суларынан тұңғыш рет су астына кеткелі ешкімнің аяғы баспаған кеме табылды»,-деп мәлімдеді археолог Хавьер Родригес.

Кабрера аралдарынан Рим империясының кезінен жеткен барлығы 12 кеме табылған.

Су астында кеме болуы мүмкін деген жаңалықты алғашқы болып жергілікті балықшылар жеткізген. Олардың балық аулауға арналған торларына құмыралардың бөлшектері түскен. Өткен жылдың сәуір айында ғылыми экспедиция осы ауданда екі роботты суға түсіріп, олардың көмегімен 15 метр қалыңдықтағы құм арасынан түрлі көлемдегі құмыралардың түсірілімін жасады.

Қазан айында екі кәсіби сүңгуір кемені зерттеу үшін бірнеше рет су түбіне сүңгіген. Олар 2 мыңнан астам түсірілім жасады.

Археологтардың мәліметтерінше, кеме біздің эрамызға дейінгі III және IV ғасырларға жатады.

Болжам бойынша, ұзындығы 20 метр болатын кеме сауда жасаумен айналысқан және ол Солтүстік Африка, Испания, Францияның оңтүстігі мен Рим арасында жүзетін болған.

«Балеар аралдары жолдың ортасында жатыр. Осыған қарай ол ауа райының бұзылған жағдайда тасалай тұруға жақсы мүмкіндік беретін. Олар ауа райының бұзылуына байланысты жағалауға жете алмай кеме суған кеткен болуы мүмкін»,-дейді Родригес.