Жерорта теңізі нормадан тыс жылыды
АСТАНА.KAZINFORM — Биылғы маусымда Жерорта теңізінің кейбір аудандарында су температурасы маусымдық нормадан бес градустан астам жоғары болды, деп хабарлайды DW.
1 шілдеде ең жоғары температура 29,85°С тіркелді, теңіз әсіресе Балеар аралдарына жақын жерде, Испанияның Жерорта теңізі жағалауында және Францияның оңтүстігінде қатты қызды. Мұндай көрсеткіш әдетте жаздың басында емес, маусымның нағыз қызған кезінде тіркелетін, деп хабарлайды DW Der Spiegel басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар рекордтық көрсеткіштердің — 2022 және 2023 жылдары жаңартылғанына және жылынудың «ұзаққа» созылғанына алаңдаушылық білдірді.
Айтуларынша, бұл бүкіл аймаққа кері әсер етуі мүмкін. Осылайша, әдеттен тыс жылыну теңіз экожүйесі үшін қауіпті: кейбір түрлер жойылады, басқаларының тіршілігіне қауіп төнеді, маржандардың, теңіз жәндіктерінің жаппай қырылуына әкелуі мүмкін. Балықтардың қоныс аударуына немесе популяциясының жойылып кетуіне байланысты балық аулау саласы ақсап қалады.
Коперник жинаған және Метео-Франция талдаған мәліметтерге сәйкес, Жерорта теңізінің беткі температурасы 29 маусымда 26,01°C-қа жеткен. Сондай-ақ, қазір температура орташадан 3°C жоғары, Франция мен Испания жағалауындағы кейбір аудандарда артық көрсеткіш 4°C-қа жетеді.
Жерорта теңізі әлем бойынша «климат өзгерісінің ыстық нүктелерінің» бірі саналады.
Бұған дейін Қазақстан мен Франция Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қатысты келісім ратификацияланғанын жазған едік.