Шымбұлақта жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

Фото: Фото: Алматы облысы ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Шымбұлақ» тау курортының қызметкерлері Avalauncher қондырғысының көмегімен тауларда қарды түсірді.

«Школьник» учаскесі бойынша қондырғы 3 рет атып, жасанды қар көшкініне себеп болды. Нәтижесінде учаскенің оңтүстік-шығыс экспозициясында 7.000 м³, солтүстік экспозициясында 11.000 мЗ қар түсті. Көшкін түскен орында арнайы техника тазалау жұмыстарын істеді.

Сондай-ақ «Эдельвейс» учаскесінде 1 рет атылып, онда 25.000 м³ көшкін түсті.

— Трассадан тыс сырғанаудың көшкін және жарақат алу сияқты тәуекелдері бар екенін еске саламыз. Абай болыңыздар, белгіленген трассалардың аясында ғана сырғанаңыздар, — деп хабарлады тау курортынан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қар көшкіні салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алғанын жазғанбыз.