Ақ үйдің X әлеуметтік желісіндегі жазбасына сәйкес, Трамптың кандидатурасын Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брис Оли Нгуема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанда сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирехе қолдады.
Айта кетейік, 2024 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы ядролық қарусыз әлемді жақтаған жапондық Nihon Hidankyo ұйымына берілді.