Жеті қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады – Қазгидромет

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 17 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады. 

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Астана, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.