Жеті облыстың жүргізушілеріне ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасалды
11:49, 01 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жеті өңірінде ауа райы күрт нашарлайды.
«ҚазАвтоЖолдың» деректеріне сәйкес, 1 қазанда Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Абай мен Жетісу облыстарының кей жерлерінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп болжануда.
— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Қостанайда қар жаууына байланысты полиция қызметі күшейтілген еді.