Жеті жасар қызды іздеуге 320 адам, 72 техника жұмылдырылды

Павлодар облысында 7 жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: polisia.kz

Баланы іздеуге құтқарушылар, кинологтар, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер жұмылдырылды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. 

Smartnews.kz телеграм арнасы іздестіру шарасына барлығы 320 адам, 72 техника тартылғанын жазды.  

Айта кетейік, 17 қараша күні кешкі сағат 21:48-де Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қаласы, Бесқауға ауылында 2015 жылы туған бала жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Бұған дейін Павлодар облысында 7 жасар қызды іздеуге тікұшақ жұмылдырылғанын жазған болатынбыз.