Осындай алғыс хат «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дәурен Дияровқа табыс етілді.
Сондай-ақ, «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау жасау орталығы» РМК, «Хабар» агенттігі» АҚ, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ, «Қазақстан телекоммуникациясы» АҚ (КАТЕЛКО), «Қазтелерадио» АҚ, «Нұр Медиа» ЖШС, «7 арна», «Рахат ТВ» ЖШС («СТВ»), «КТК» АҚ, «Қазақтелеком» ААҚ-ның «GSM Қазақстан» компаниясы (Кселл); «КарТел» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ сияқты компаниялардың басшылары да алғыс хаттар алды.
«2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін дайындауға және оны өткізуге белсенді атсалысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін» делінген Елбасының алғыс хатында.
Министр А.Жұмағалиев өз атынан сондай-ақ, ЕҚЫҰ Саммитін жұртшылыққа кеңінен таныстырған аталған компаниялардың ұжымдарына алғыс хаттар табыс етті.