деп хабарлады «Хабар» агенттігінің ресми сайты.
Әскерлердің және ең таңдаулы әскери және авиация техникаларының салтанатты сап түзеуін 30 тамызда сағат 11,00-де елдің республикалық арнасынан көресіздер.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін, 30 тамызда елордадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституция күніне, сондай-ақ республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған әскери шеруді қабылдайды.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған әскери шеруге 2,5 мың әскери қызметшілер, 200 бірлік құрғақтағы техника, 60-тан астам авиатехника - дыбыстан ұшқыр истребительдер, әскери тікұшақтар және басқа да әуе қорғанысы техникалары қатысады. Әскери ұшқыштар әуеде сап түзеп, жоғары шеберліктерін көрсетеді.
Құрлық әскерлері, әуе қорғанысы, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ІІМ, ҰҚК және ТЖМ құрамалары салтанатты саппен өтеді.
Мерекелік салтанат 22.00-де отшашумен аяқталады.
Бүгін ел аймақтарында еңбек ұжымдарының, студенттердің, мектеп оқушыларының шеруі, концерттер мен спорттық шаралар өтеді. Осы күнге орайластырылып бірқатар жаңа нысандар ашылмақ.