Жеті минутта 14 көйлек ауыстырған Алтынай Байтоқанова

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық Алтынай Байтоқанова әлемнің үздік сиқыршы трансформерлерінің ондығына кірді.

«31-арнаның» хабарлауынша, Оның өнерін Швейцария, Грекия, Италия, Польша, Түркия, Қытай және өзге де көптеген елдерде көрермендер ықыласпен тамашалады. Ал, Қытайда өткен сиқыршылардың Халықаралық фестивалінде Алтынай Бас жүлдені жеңіп алды. Жалпы, ол көрсеткен көріністер шын мәнінде нағыз сиқырға толы. Ол сахнадағы 7 минут ішінде 14 көйлек ауыстырып үлгеретін. Ол «Өмір-өзен» телебағдарламасын жүргізді.

Танымал сиқыршы бүгін түнде Алматының 12-ші қалалық ауруханасында көз жұмды.

А.Байтоқанованың сахнадағы өнерін мына жерден көруге болады.