Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің міндеті - Мемлекет басшысы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі міндеті. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарихытерең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Мағжан Жұмабаев»Педагогика« еңбегінде: »Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүріментәрбиелеуге міндетті« деді. Ата-бабаларымыз аманат етіп кеткен ұлан-ғайырдаланы аман сақтау ең алдымен жас буынға артылатын зор міндет. Кейінгі ұрпақТәуелсіздігіміздің туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс», - деп атап өттіҚазақстан Президенті.

Осы орайдаМемлекет басшысы қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуыөмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелетіндігіне назар аудартты.

«Адамкапиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше. Сапалы білімқарқынды дамудың басты шартына айналды. Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдыққоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек білімменқаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс», - деді Қ.Тоқаев.

ҚРПрезиденті қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сайболуымыз керектігін баса айтты.

«Бұлүшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болу тиіс. Сондықтанбілімі терең, ойы озық ұрпақтәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгішәкірттеріңіз Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім жетістіктерге жетудіңжолы әрі экономиканы дамытудың бастықұралы. Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгіміндеті», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар