АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Үлкен Алматы каналына жеті және он жасар екі бала батып кетті, қайғылы оқиға 27 тамызда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«27 тамыз күні түскі сағат 13:29 шамасында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылының жергілікті тұрғындары хабарласқан. Олардың айтуынша, сол күні 2012 және 2015 жылдары туған ұл балалар Үлкен Алматы каналына батып кеткен. Суға абайсызда құлап кеткен балаларды ағыс алып кеткен»,- деп хабарлады ведомстводан.
Алматы облысының ТЖД кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.