Жеті жасар бала Швециядан Германияға дейін велосипедпен жеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеті жасар Эдвин Бломдаль (Edvin Blomdahl) ата-анасымен бірге велосипедпен Швецияның Кальмар қаласынан Берлинге дейінгі 370 шақырымдық жолды бағындырды.

Бломдаль жанұясы бұл жолды бір аптада жүріп өтеді деп жоспарлаған, алайда 4-ақ күнде бұл мақсаттарына жетті. Сапар барысында бала өз блогында жазбалар қалдырған, деп хабарлады Ostran.

Сапардың алғашқы күнінде жанұя 103 шақырым жолды жүріп өткен. Қалған үш күнде де олар шамамен 100 километрден жүрген.

Бұл сапарға анасымен бір велосипедке мінгескен үш жасар Эмма Бломдаль қатысты. Оның ата-анасы келесі жылы қыздары өзі велосипедке отырып, сапарға шығады деп үміттенуде.

Эдвин Бломдаль 3,5 жасында велосипед теуіп үйренген.