Президент, Қазақстанның ТМД елдері арасында алғашқы болып посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ салық, зейнеткерлік реформаларын жүзеге асырғанын атап көрсетті. Ұлттық экономикаға 100 миллиард доллардан астам тікелей шетел инвестициясы тартылды.
«Тек жаңа жиырма бірінші ғасырдың жеті жылы ішінде біздің экономикамыз екі еселенді. Бұнымен қоса, соңғы он бес жылда жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім жеті жүз доллардан сегіз мың долларға дейін, яғни он бір есе артты», - деп мәлім етті Н.Назарбаев өз сөзінде.