Жеті жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жеті жыл бойы сот жүйесінен жасырынған адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2013 жылдың қаңтарында күдікті Алматы қаласында, «Құлагер» ықшамауданында орналасқан кафенің алдында ішімдікке мас күйінде екі адамды пышақтаған.

Олардың бірі есін жимастан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі ер адам көп жарақатпен қалалық клиникалық ауруханаға түсті. Жетісу аудандық Полиция басқармасы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеу мен соттан ұзақ уақыт тығылып жүрді. Ол мемлекетаралық және халықаралық іздеуде болды», – деді Алматы қалалық Полиция департменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестермен бірге жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүрген қылмыскер Семей қаласында ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ары қарай ол Алматыға жеткізіледі.