«Жаңа Қазақстан» деген депутаттық топтың ұсынысы болды. 7 жыл мерзімге бір ғана мәрте сайлануды осы биылғы президент сайлауынан бастау жөнінде айтып отырмын. Өз басым осыны қолдаймын. Себебі қазір бізде саяси реформалар жүріп, іске асып жатыр. Реформалардың бірі – жаңа сіз айтып отырған Президент өкілетінің мерзімі. Бұл біздің мемлекетіміздің болашағы үшін өте қажет, өте маңызды. Өйткені бізде президенттік басқару формасы жұмыс істейді. Сондықтан осы маңызды өзгеріс биылғы сайлаудан басталуы керек деп есептеймін», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Оның пайымынша, аталған реформаны әрі қарай тағы 5 жылға соза берудің қажеті жоқ.
«Егер биыл 7 жылдық мерзімді енгізбесек, реформа тағы 5 жылға созылып кетеді. Ол мәселені ақпарат құралдары да, телеграм-каналдар да айтып жатыр. Өткен жолы депутаттар тобы да бұл мәселені көтерген болатын. Егер биыл сол жүйе енгізілмесе, президент биыл 5 жылға сайланса, сайланған президенттің 5 жылдан кейін тағы 7 жылға сайлануға құқықтық мүмкіндігі пайда болады. Бұл нәрсені де шектеуіміз керек. Мұны шектеу үшін тағы 5 жылға реформаны созбай, биыл 7 жылдық мерзімді енгізіп, сонымен президент сайлауын өткізуіміз керек деп ойлаймын», - деді Ерлан Қошанов.