Жетімдерді жебеуге арналған бұл шара Euro-Asia Expo-2013 көрмесі аясында қолға алынып отыр. Ұзындығы 180 метрге жететін ерекше кәуап Ресейдің және Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Алып кәуапты пісіруге 200-ге тарта адам атсалысқан көрінеді. 200 келі етті отқа қақтау үшін жарты тонна көмір жағылған. Дәмі тіл үйірген тәтті кәуапты ұйымдастырушылар Нұрлат ауданындағы жетімдер үйіне жөнелткен.
Қайырлы қадамға ұйытқы болғандардың айтуынша, кәуап шариғат талаптарына сай халал еттен әзірленген. Аталмыш акция наным-сенімі өзге адамдарға халал өнімдерді насихаттауға үлес қосады.