Жетім балаларға «Сиқырлы қобдиша» сыйланады

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Астана қаласында 1028 жетім бала болса, олардың 348-і қаланың интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Тұңғыш Президент күніне Астана қаласының әкімдігі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік акция өткізуді қарастырған, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

«1000 бала тәтті сыйлықтар алады. Жетімдер мен тұрмысы төмен отбасының балаларына: қыздар үшін қолөнер бұйымдары жиынтығы, ұлдар үшін ағаш ұстасы жиынтығы «Сиқырлы қобдиша» сыйланады, - деп мәлімдеді Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары Римма Иманғазинова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында 150 жетім балаға планшетті компьютер, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар беріледі.