деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде республикада 18 жасқа дейінгі 4 миллион 755 мың 902 бала бар. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы, сондай-ақ оқитын жастар да бар. Сонымен бірге балалардың осы категориясының арасында өткен жылы дамуында мүмкіндігі шектеулі 150 мыңға жуық жасөспірім анықталды», - деді Білім және ғылым министрлігінің балалар құқын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер.
Оның сөзіне қарағанда, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 42 мыңнан астам бала анықталды.
«Алайда, осы 42 мың жасөспірімнің барлығы балалар үйінде емес. Оның ішінде 25 мыңы Қазақстан азаматтарының қамқорлығына алынған. Сондай-ақ 2 мыңнан астам бала республикадағы отбасыларда тәрбиеленуде. Ал 15 мың бала денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру жүйесінің ұйымдарында өмір сүріп, тәрбие алуда. Осы 15 мыңның ішіндегі тек 2 мыңнан астамы - жетімдер, ал қалғандарының ата-аналары бар», - деді Р. Шер.
Комитет басшысының айтуынша, БҰҰ-ның балалар құқы жөніндегі комитетінің ұсынысына сәйкес елімізде Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру керек. «Бүгінде осындай ұлттық іс-қимыл жоспарына 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын жатқызуға болады. Биылғы жылы бұл бағдарламаның екінші кезеңі басталады»,-деді ол. Қазіргі кезде елімізде балалық шақ мәселесімен айналысатын 600-ге тарта үкіметтік емес ұйымдар бар.
Шараны «Нұр Отан» ХДП, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстандағы «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырып отыр.