қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.
Миинстрліктің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта республикада 36 777 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың 16 пайызы ғана бекітілген үйлерге ие. Қалған 84 пайызы тұрғын үйге мұқтаж. 2006-2011 жылдар кезеңінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан 500-ге жуық жетім бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Аталған санаттағы балаларды қосымша қолдау мақсатында республикада 33 жасөспірімдер үйі жұмыс істейді, онда балалар үйлерінің 23 жасқа дейінгі бітірушілері әлеуметтік бейімделуден өтеді.
Аталған мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, жұмыс тобының мүшелері Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар дайындады.
Жұмыс тобы мүшелерінің назарына жетім балалардың тұрғын үйге құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі тұрғын үй саясатына жасалған талдау, ұсыныстарын ескере отырып дайындалған салыстырма кесте, халықаралық тәжірибе, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, өңірлік жоспарлар, статистикалық деректер ұсынылды.
Кезекті отырыс барысында тұрғын үй алуда мүгедектер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылармен қатар жетім балаларға да басымдық құқық беру жөніндегі ұсыныстар талқыланып, қолдау тапты.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздерінде бар тұрғын үйлерін сақтау тетіктерін әзірлеу қажеттігі туралы қызу пікірталас өтті. Бұдан басқа, нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін алымдар төлеуден босату мәселесіне ерекше назар аударылды.
Талқылаудың қорытындысы бойынша жұмыс тобының мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстарды ескере отырып, заң жобасын пысықтау бойынша шешім қабылданды.
Заң жобасын келесі талқылау жұмыс тобының ағымдағы жылғы сәуірде өтетін үшінші отырысына жоспарланған.