Жетінші «Жұлдыздар шайқасы» фильмінің жаңа тизері жарыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламаторда 'Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі' ('Звёздные войны: Пробуждение силы') фильмінің жаңа тизері пайда болды.

Екі минуттық ролик аталмыш фильмнің YouTube желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.

Бұл "Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі" фильмінің екінші тизері болып табылады. Оның алғашқысы ғаламторда 2014 жылы қарашада жарық көрген еді.

Айта кетейік, фильмнің премьерасы 2015 жылдың 18 желтоқсанына жоспарланып отыр, деп жазады Белта.