Жетісай ауданында асфальт зауыты іске қосылды

Фото: None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Жетісай ауданында асфальт зауыты іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімібаспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Жетісай ауданында жол жөндеужұмыстары қарқын алған. Аудан орталығындағы М.Әуезов көшесінің 2 шақырымучаскесінде орта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Бұдан бөлек, қала,кент, ауыл округтері мен «Шардара-Жетісай» автомобиль жолының бірқатарбөліктерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстарға қажетті асфальтЖетісай ауданының өзінде әзірленуде.

Айталық, жуырдаЖетісай ауданы, Қазыбек би ауыл округінде «Ханшебер» ЖШС сағатына 100 тоннағажуық асфальт өндіретін зауытты іске қосты. Қазір мұнда 30-ға жуық адам жұмыспенқамтылған. Зауытқа қажетті негізгі шикізат Шымкент қаласынан тасымалданады.

Кәсіпорынның басмеханигі Ермахан Әшірбаевтың айтуынша, Жетісай ауданындағы жол жөндеужұмыстарына қажетті асфальтты Шымкенттен тасымалдау тиімсіз. Оның үстіне қашықтық250 шақырымд. Сондықтан аталған серіктестік құрылыс нысандарына жақын жерденасфальт зауытын салып, қосымша тапсырыстарды да тоқтатпай қабылдап жатыр.