Карантин кезінде 2000 жетісайлық кәсіптің көзін тауып, ісін өрге домалатып отыр.
Келер жылы кезекте тұрған 500-ге жуық жетісайлық отбасы қоныс тойын тойлайды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен бөлінген 551,3 млн теңгеге Жетісай қаласынан 80 га жерге көпқабатты баспана бой көтерді.
Жалпы ауданы 10,4 мың шаршы метр немесе 200 пәтерлі 6 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға таяды.
Б ұдан басқа, дәл осы жерде жалпы ауданы 240 пәтерді құрайтын көпқабатты 6 үйдің жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.
Аталған үйлерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 293,8 млн теңге бөлінді.
Бұл қаржыға магистральды су және электр жүйелерінің құрылысы басталды. Тұрғын үйлер жол, кәріз және газ жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Жетісай ауданында 7 әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Халықты ауыз сумен қамту секілді инфрақұрылым жүйесін жақсарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Өркенді ауылының ауыз су жүйесі жаңартылды. 2020 жылы 7 ауылдың (Жамбыл, Мақталы Жылысу, Мырзашоқы, Байқоныс, Баққоныс, Әл-Фараби) құрылысына бюджеттен 794 млн-нан астам ақша бөлініп, Жамбыл ауылындағы ауыз су жүйелері жаңартылды.
Қалған 6 ауылдағы жұмыстар толығымен 2021 жылы аяқталады.
Жыл қорытындысымен аудан тұрғындарының 81% табиғи газ жеткізіледі. 2020 жылы 4 елдімекенді газдандыруға 45 млн теңгеге жуық ақша бөлініп, екеуінің құрылыс жұмыстары аяқталды, 2 нысан келесі жылы толық бітеді деп күтілуде.
Бүгінгі күнге жалпы құны 6,8 млрд теңге болатын 6 жоба (2 АГРС, 1 газ жүйесі, 3 елді мекен) алдағы жылы толық іске қосылмақ.
2019-2020 жылдары Жетісай ауданындағы 16 елдімекеннің тозығы жеткен электр желісін жаңарту үшін (Жамбыл, Қазыбек би, Оспанов, Құрбан ата Таубай ата, Алғабас, Қосқұдық, 1-май, Мақталы, Қарасақал, Қызылту, Ақтөбе, Кетебай, Сатбаев, Қарақай, Қараөзек) бюджеттен 320,9 млн теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Алдағы жылы Қоғалы, Жемісті, Жеңістің 40 жылдығы, Мақташы, Талапты, жалпы 6 елді мекеннің электр желісін жаңартуға бюджеттен 162,03 млн теңге қарастырылып, нәтижесінде 1235 тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады.
Аймақ басшысы ауданға жасаған жұмыс сапарында жеке кәсіпкер Б.Казиев өз қаражаты есебінен салған медициналық орталық жұмысымен танысты.
Заманауи емдеу мекемесі толықтай жаңа қондырғымен қамтылған. Барлық салалық дәрігерлер жұмысқа тартылған.