ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтады. Мектепті бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгелімен мемлекеттік гранттың иегері атанды. Олардың 30-ы «Алтын белгіге», 21-і «үздік аттестатқа» ие болды.
Айта кетейік, мектеп гимназияның орташа балы 105% құраған. Аталған білім ордасынан соңғы 7 жылда 299 алтын белгі, 125 қызыл аттестат иегерлері шыққан.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.