«Тәуелсіздікке тарту» шарасы аясында қолданысқа берілген аллеяның салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек мен зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.
Жаңадан ашылған аллеяда 14 метрлік тұғырға Мемлекеттік Ту орнатылды. Сондай-ақ, Әнұранның мәтіні тасқа жазылып, Елтаңба орналастырылған.
Тағы бір айта кетер жайт, заманауи үлгідегі 1 200 орынға шақталған мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді.
Мектептегі физика, химия, информатика және мультимедиялық, лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы да бар. Жалпы оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған.