ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Жетісай ауданында жедел жәрдем көлігі жетіспейді. Бұл туралы бүгін аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі таңда Жетісай ауданында жедел жәрдем орталығы жұмыс істеп тұр. Орталықтың 20 арнаулы көлігі бар. Дегенмен, 200 мыңға жуық адам тұратын өңір үшін жиырма көлік жеткіліксіз болып отыр.
«Жедел жәрдем көлігінің қажеттігін айтып денсаулық сақтау басқармасына арнайы ұсынысты бердік. Депутаттарымыз да сауал жолдады.
Сондай-ақ, қазір жедел жәрдем шақырушылардың қоңырауы бірінші Түркістанға түседі. Содан кейін ауданға жолданады. Сол шақыртуды бірден аудан орталығына түсетін ету керек», - деді Серік Пірімбеков.
Айта кетейік, биылғы бірінші тоқсанда Жетісай ауданында 1 077 нәресте дүниеге келді.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.