Тағдырдың тауқыметін тартқан ана жомарттық танытқан азаматқа шексіз алғысын білдірді. Ол Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырып, қыздарын асырап жүр. Тапқаны пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды. Келіншек күндіз-түні уайымға салынып келгенін жасырмайды. Енді күтпеген жерден баспаналы болып, қуанышқа кенелді.
«Жаңа үйге қажетті жиһаздары мен азық-түлігіне дейін беріп отыр. Енді бар тапқанымды қыздарымды тарықтырмай өсіруге жұмсаймын. Игі іс жасап отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ», – дейді Н.Шадманова.
Ал, қайырымды істің бастамашысы болған - «Нәр-Тамшы» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Ермахан Рахматулла. Ол бұған дейін өз қаражаты есебінен 10-ға жуық отбасыға баспана тарту еткен болатын. Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 80 гектар жерге 200 пәтерлі 6 көпқабатты үй салынуда. Жыл соңына дейін бірқатар үйдің құрылысы аяқталып, ондағы пәтерлер баспана кезегінде тұрған аз қамтылған отбасыларға үлестіріледі деп жоспарланып отыр.