Жетісу әкімдігі мамандары мемлекеттің ақшасын сараптама шешімінсіз жұмсамақ болған
Өрескел заң бұзушылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің мамандары анықтады.
Тексеріс барысында осындай 54 жағдай әшкереленді. Соған байланысты мердігер мекемені анықтайтын байқаулар тоқтатылып, құжаттар кері қайтарылды. Бұл қаржы тиісті жобалық-сметалық құжат сараптамадан өткен соң ғана қайта бөлінеді. Онда жолдың сапасы, техникалық талаптары нақты көрсетіледі.
Саладағылар кәсіпкерлер құқығын қорғау ісіне де мән беріп келеді.
«Жетісу облысындағы мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды. Әкімшілік кедергілер жер қатынастары, білім саласы және мемлекеттік кірістер департаментінде жүйелі түрде кездесетіні анықталды», - деді Жетісу облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Ермек Сұлтанқұлов.