«Халық бұл істі «Бухгалтерлер ісі» деп айтып жүр. Шынымды айтсам, мен қалалық білім беру саласындағы жемқорлық қылмысымен байланысты әрекеттердің бар екені туралы ақпаратты былтыр желтоқсанның соңына дейін естідім. Мен құқық қорғау органдарына оларға қатысты күдіктің бар екенін білдірмей, кәсіби түрде тексеру жүргізуді тапсырдым. Нәтижесінде осындай қылмыстарға байланысы бар ірі топ анықталды. Сот шешімі шыққанға дейін бұл адамдарды қалай атау керектігін білмеймін. Бірақ олар заңды бұзды, 2 млрд теңге шығын келді. Басшы, бас бухгалтер, бас экономист және Талдықорған қаласындағы 6 мектептің бухгалтері ұсталды. Олардың барлығы кінәсін мойындап жатыр», - деді облыс басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Оның айтуынша, ұсталған алты бухгалтер үй қамақта отыр.
Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады.
Аталған азаматтарға білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына жалақы түрінде өтеусіз қаржы аударды, яғни, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлар келді деген айып тағылып отыр. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады.
Кейін бұл іске қатысты тергеу нәтижесінде жаңа деректер анықталды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.