«Жетісу» ӘКК ауыл шарушалығы өнімін өндірушілерге техника сыйлады
13:05, 30 Сәуір 2009
АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Алматы облысындағы «Алтын дала групп» ЖШС-іне 5 КаМАЗ, 4 ЗИЛ көлігін сыйға тартты.
Бұл туралы бүгін арнайы өткен шара барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Жетісу» ӘКК Ұлттық компаниясының атқарушы директоры Арыстанбек Таниевтың айтуынша бұл сыйлық Алматы облысындағы ауыл шарушалығы өнімін өндірушілерді қолдау, осы арқылы Алматы қаласы мен облыста азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету және оны тұрақты ұстап тұру мақсатында жасалып отыр.«Техникалардың қайтарымы ретінде өнім өндіруші компаниялар «Жетісу» ӘКК-нің еншілес кәсіпорны «ЖетісуАгроСауда» ЖШС арқылы тұрғындарға өнімдерін төмендетілген бағамен сатады. Соның нәтижесінде тұрғындар ауыл шаруашылық өнімдерін нарықтағыдан 15 пайызға арзан бағамен ала-алады», - дейді А.Таниев.Оның айтуынша, осы шара арқылы Елбасының биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында айтылған мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселесіне алғашқы қадам жасалды.