«Жетісу» ӘКК басшылық құрамы жаңартылды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Жетісу» ӘКК ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында ол «Жетісу» ӘКК-нің жаңа басшылық құрамын таныстырды.

«Жетісу» ӘКК төрағасының міндетін атқарушы болып Ерлан Тұяқбаев тағайындалды. Сонымен қатар Директорлар кеңесі мен басқарманың жаңартылған құрамы таныстырылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің сайты.

- Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған көптеген жобалар Алматы облысына қатысты. Оның ішінде магистралды жолдарды жөндеу мен құрылыс жұмыстары, «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағын дамыту, жаңа электр желілерін салу туралы жобаларды атап өтуге болады. Сондықтан біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Біз «Жетісу» ӘКК-мен бірлесіп Президент жүктеген міндеттерді орындау жолында тиісмді де нәтижелі жұмыс жасаймыз деп ойлаймын, - деді Директорлар кеңесінің төрағасы облыс әкімі Амандық Баталов.