«Жетiсу» ӘКК облыс мал шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосады

Фото: None
ДЫҚОРҒАН. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Жетiсу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Алматы облысының 10 шаруа және фермерлік қожалықтарының басшыларына қазақтың биязы жүнді    1000    қойын тарту етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетiсу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай,  бұл акция Алматы облысындағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында өтуде.

Бағдарламаның негізгі міндеті - биязы жүнді қой басының өнімділік сапасын арттыруға қолдау көрсету, өнімділігі жоғары биязы жүнді қойларды көбейту, қосымша жұмыс орындарын құру, Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру болып табылады.

Қазақстан жаңа экономикалық моделінің шешуші буыны ретінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы болатын. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру - бұл мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту мақсатын көздейді.

«Жетiсу» ӘКК» ҰК» АҚ - бизнеспен, заң шығарушы және атқарушы органдармен белсенді ынтымақтасатын дамудың аймақтық институты. Корпорация Алматы аймағының экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа серпін беру үшін құрылған.