«Жетісу» ерлер командасы Дінмұхаммед Қонаевты еске түсіруге арналған волейбол турнирінде жеңімпаз болды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысындағы «Жетісу» ерлер командасы Д.Қонаевты еске түсіруге арналған республикалық волейбол турнирінде жеңіске жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік астанада 14-ші рет өткізіліп отырған бұл жарыстар дәстүрге айналды. ҚазҰТУ залында алдын ала екі топқа бөлінген алты команда сайысқа түсті. Финалдық кездесуде Алматы облысы әкімінің орынбасары, команда капитаны Амандық Баталов басқарған «Жетісу» волейболшылары «Алмалы» командасын 3:2 есебімен ұтты. Үшінші орынға Шымкенттің «Ардагер»» командасы ие болды.