деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың интернеттегі сайтына сілтеме жасап.
Ваит Талғаев жаттықтыратын талдықорғандықтардың жаңа маусымдағы екінші оқу-жаттығу жиыны ақпанның 14-іне дейін созылмақ. Олар Түркиядағы алғашқы жиыннан қаңтардың 19-ы күні оралған болатын. Ол кезде "жетісулықтар" Ресейдің Нальчик қаласынан келген "Спартак" клубымен өткен бірінші кездесуде (0:0) есеп аша алмай, екінші кездесуде швециялық аяқ допшылардан (3:1) басым түсті. Ал үшінші кездесуде Оңтүстік Кореядан келген "Инчеон Юнайтед" клубымен (1:1) тең есеппен тарасты.