«Жетісу» кеден бекетінде «Дубай-Алматы» бағытындағы әуе рейсінен заңсыз зергерлік бұйымдар тасымалдаған бір жолаушы ұсталды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы халықаралық әуежайындағы «Жетісу» кеден бекетінде «Дубай-Алматы» бағытындағы әуе рейсінен заңсыз зергерлік бұйымдар тасымалдаған бір жолаушы ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық бұл азаматты кеденшілер жедел іздестіру шаралары кезінде анықтады. Оның қол жүгін тексеру кезінде бағалы тастармен әшекейленген ақ және сары түсті 39 дана зергерлік металл бұйымдар табылды. Контрабандалық бұл жүктің бір бөлігі конфет қорабына жасырылып, қалғаны шаш қыстырғышқа кестеленген. Тауар құнының 25 пайызын кедендік алымдар мен салыққа төлеуден қашып, айласын асырмақ болған оның бұл әрекеті жүзеге аспады.