«Жетісу» мен «Ақсу» тең түсті
20:48, 22 Шілде 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турындағы алғашқы кездесудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турдағы алғашқы ойында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) командалары кездесті.
Турнир кестесінде талдықорғандық клуб орта тұсында келеді. Есесіне павлодарлық команда көш соңында тұр. Сондықтан бүгінгі кездесуде екеуіне де ұпай қажет еді.
Командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Дәл қазір елордада «Астана» мен «Атырау» кездесуі өтіп жатыр.
Енді 20:00-де «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда), 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.
Ал 23 шілдеде 18:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау), 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Мақтарал» (Түркістан) ойнайды.
Бұл турды 21:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндейді.