Жетісу облысында 14 жасар оқушы мотоциклмен көлікке соғылып қаза болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында мотоцикл тізгіндеген оқушы қаза болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында 14 қыркүйек күні күндіз болды. Анықталғандай, 14 жастағы оқушы қытайлық мотоциклді басқарып, екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығып бара жатқан кезде Nissan Maxima автокөлігімен соқтығысқан» делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Жол көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.