Жетісу облысында 15 жыл бойы іздеуде жүрген азамат ұсталды
20:55, 04 Мамыр 2023
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында 15 жыл бойы іздеуде жүрген азамат ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жетісу облысы Полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады. Ол 2008 жылдан бері Ресейде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
«Жетісу полицейлері Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін орындап, оларға күдіктінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберді. Белгіленген ер адамға қатысты істің барлық мән-жайлары анықталғанға дейін «Келу туралы міндеттеме» бұлтартпау шарасы таңдалды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.