Аманбөктер ауылындағы әкімдік ғимаратының төбесі құлап, апатты бөлменің есігін қызметкерлер жауып қойған.
Ел аралап, халықтың жағдайымен танысып жүрген Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев осы мекемеге барды.
Жаңадан сайланған әкім Нұрханова Шырынгүл Батайқызы ауыл тынысын, ғимараттардың қазіргі жағдайын көрсетіп, бүкпесіз баяндап берді.
Әкім ханым сонау кеңес дәуірінен қалған тозығы жеткен ғимаратта 9 жұмысшысымен жұмыс істеуге мәжбүр болып отырғанын айтты.
Руслан Қожасбаев бұл мәселені дүйсенбі күні аудан әкімімен одан әрі жоғары деңгейде көтеріп, қол ұшын созатынын айтты.