«Ақпарат назарға алынғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Жетісу облысының полицейлері қызыл кітапқа енген жануармен түскен ер адамның фото-суреті жасалған күнін, жерін және кім екенін анықтау үшін қажетті шаралар ұйымдастырылды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ полиция бұл ақпарат табиғат пен жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мүдделі ведомстволарға жіберілгенін жеткізді. Іздестіру іс-шараларының нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.