Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінде 46,3 мың гектар масақты-дәнді дақылдар орылып, 85,7 мың тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 18,5 центнерден айналып отыр.
«Егін жинау жұмыстарына облысқа 7 924 тонна дизель отыны бөлінді. Қазір оператор анықталды, жергілікті оператор ресурс ұстаушы компаниямен келісімшартқа отырды. Оператордың резервінде қазір 500 тонна дизель отыны бар. Сұйық отын беруге шаруашылықтармен келісімшарттар жасалып жатыр», - делінген басқарма хабарламасында.
Жалпы, облыста дәнді дақылдар 325,2 мың гектарға себілген, соның 267,2 мың гектары – масақты-дәнді дақылдар.