«10 ақпан күні 17 және 18 жастағы екі жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Жәбірленушілерді 17 жастағы танысы жарақаттағаны анықталды.
Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 99-бабына сәйкес («Адам өлтіруге оқталу») жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.